Шымкентте каратэден облыстық чемпионат болып өтті

Аймақ
29.11.2017, 01:23

Қажымұхан атындағы орталық стадионда киокушинкай-кан каратэден облыстық чемпионат болып өтті. Байрақты бәсекеге Қызылорда, Жамбыл облыстарымен қатар, Астана қаласынан, жалпы саны 150-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.

Киокушинкай-кан каратэ спорт түрі облысымызда соңғы жылдары қарқынды түрде дамып келеді. Шымкенттің өзінде бұл спортпен 250-ге жуық жас айналысады. Облыс сайыпқырандарының еншісінде ел кубогі, ТМД елдері арасында өтетін байрақты бәсекенің күміс жүлдесі бар.1e1ce875eb0d77a9d6c8e9449b9a28aa-460x260

Орталық стадионда болып өткен  облыс чемпионатында жалпы саны 130 спортшы  өзара үздіктерді анықтады. 21 салмақ дәрежесі бойынша 5 пен 14 жас аралығындағы жас балғындар облыс кубогін сарапқа салды. Солардың қатарында ағайынды Берік, Нұрдәулет Көмекбайлар да бар. Олар 3 жылдан бері каратэнің осы түрімен айналысады. Армандары - чемпион атанып, көк байрағымызды әлемдік ареналарда биікке көтеру.

Жарыстың ашылу салтанатында облысымыздағы киокушинкай кан каратэ федерациясының атынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сый-сияпат жасалды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жас балғындардың көңілдері бір марқайды. Ал, ұйымдастырушылар атынан жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен  арнайы кубоктар табыс етілді.

Сұхбат

PhotoRoom