Шымкентте биыл 33 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды

Аймақ
29.11.2017, 01:32

2017 жылы Шымкент қаласы аумағындағы көшелер бойына, шатқалдарға, саябақтар мен гүлзарларға көктем маусымдарында 32 878  дана қылқан және жай жапырақты ағаш көшеттері мен көпжылдық бұтақшалар (емен, айлант, үйеңкі, шаған, боз арша, сәмбі тал, аққайың, қырым қарағайы, қарағаш, легуструм, раушан гүл т.б.) отырғызылды.20170320173959

Сонымен қатар, күз маусымында, яғни, білім және спорт, денсаулық сақтау, елді-мекендерді қосатын жол бойларына, қала көшелеріне және саябақтар мен гүлзарларға,  шатқалдарға барлығы 109 240 дана ағаш көшеттер отырғызылуы жоспарланып,  бүгінгі таңда  ОҚО табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасына қарасты «Жасыл желек» ММ-нен   87 420 дана (катальпа, қарағаш, жай арша, шаған, акация, терек, үйеңкі, емен, т.б.) ағаш көшеттері өтемсіз ұсынылып, ағаш егу жұмыстары атқарылуда.

Сұхбат

PhotoRoom