Шымкентте семіздікке шалдыққан жандарға алғаш рет операция жасалды

Аймақ
30.11.2017, 00:11

Облыстық клиникалық аурухананың білікті дәрігерлері Оңтүстік Кореядан келген әріптестерімен бірлесіп, апта бойына 8 науқасқа операция жасамақ. Артық салмақ жинаған азаматтарға медициналық қызмет толықтай тегін көрсетіледі. Шетелдік мамандардың айтуынша, науқас операциядан кейін айына 10 келіге дейінгі салмағынан арылады екен. Жалпы семіздік дерті әлемде көбірек кездеседі. Соңғы жылдары Қазақстанда да тіркеле бастаған. Оңтүстік халқының 20 пайызы осы дертке шалдыққан. Кореялық дәрігерлер семіздікке қарсы операцияны алғашқылардың бірі болып жасаған екен. «Сондықтан олардан үйренеріміз көп», – дейді мамандар. 81e101d9f8b4a5cdc744c1a1ee8ac698_LЖалпы екіжақты келісім аясында жергілікті дәрігерлер өз күштерімен бауыр мен бүйрек алмастырып, жүрекке операция жасап жатыр.

Мұқан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: – Семіздікке шалдыққандардың саны қазіргі таңда біздің өңірде өте көп. Бұл ауруды емдеудің бірден-бір жолы асқазан жолдарына күрделі ота жасап, асқазан ауқымын азайтады. Сонда ғана осы халге жеткен адамдар тамақты аз жеудің арқасында денсаулығы дұрысталып кетеді.

Йонгджин Ким, хирург: /Оңтүстік Корея/ – Жалпы семіздік пен артық салмақ қосу – қазіргі таңда әлемдегі ең күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан осындай операцияның арқасында одан арылуға болады. Америка мен Еуропа елдерінде бұл дерт белең алған. Біз қазақстандық әріптестерімізге 10 жылдан бері қолданып келе жатқан табысты медициналық әдістемемізбен бөлісіп жатырмыз.

Сұхбат

PhotoRoom