Шымкенттік ғалымдар латын әліпбиіне көшу әдістемесін дайындайды

Аймақ
30.11.2017, 00:21

Шымкенттік ғалымдар мен филологтар латын әрпіне көшу әдістемесін әзірлейді. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты проректорының міндетін атқарушы Еркін Махашевтың айтуынша, қазір олар қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктерін сақтау бойынша ізденіп жатыр. Тіл мамандарының әдіс-тәсілдер жиынтығы балабақша және бастауыш сынып балаларына арналады.1509941582_article_b_1500_ Топ мүшелерінің пайымдауынша, латын әліпбиі – тың технологиялардың тілі.  Еркін Махашев, ОҚМПИ проректорының міндетін атқарушы: - Ғалымдар латын әліпбиіне көшудің әдістемесін жазып жатыр. Бұл жерде жастардың да үлесі зор. Латын әріптерін сауатты қолдану үшін тиянақты болу керек. Өйткені қазақша жазу жоғалмай, ұлттық код сақталуы тиіс.

Сұхбат

PhotoRoom