Шымкентте қалалық су жүйесі қалпына келтірілді

Аймақ
30.11.2017, 00:34

Шымкентте қалалық су жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары бірнеше айға созылды. Жұмысшылар арықтар мен атыздарды тазалап, су жүйесінің осал тұстарын қайта қалпына келтірді. Қалалық су жүйесі 90-жылдардың басында-ақ жарамсыз хәлге келген. e25335ad6a72b359ba5914a801bb7df1_LБұған қосымша тағы бір жағдай, кәсіпкерлікпен айналысатын қала тұрғындары су жүйесі жүргізілген тұстарға дүкендер мен автотұрақтар салып алған. Дәл қазір билік өкілдері осы мәселені шешуге де күш салып жатыр. Соңғы жылдары күзгі жауын мен қар жауғанда, қала көшелерін су басып қалады. Көктем мен күз мезгілінде қаладағы көліктер суда жүзіп жүргендей күй кешеді. Тұрғын үйлерді де белуардан су басады. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қала тарихында бұл мәселемен алғаш рет тиянақты айналыса бастады. Биылғы жылы су жүйесін қайта жарақтандыруға жарты миллион теңгеден аса қаражат бөлінген. Сонымен қатар су тасқыны кезінде қызыл суды Бадам өзеніне ағызу мәселесі де шешілді. Өткен ғасырда салынған су жіберу жүйесі де қалпына келтірілді.

Сұхбат

PhotoRoom