Шымкентке шетелден салынған инвестиция өзін ақтап жатыр

Аймақ
30.11.2017, 00:48

Бүгінгі күнде Шымкент қаласында 292 шетелдік және 234 шетелдің қатысуымен бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде ірілеріне тоқталып өтетін болсақ. Олар «Петроказаxстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазіргі таңда, мұнай өңдеу зауытын модернизациялау жобасына Нидерланды елінің «Valsera Holdings B.V» компаниясымен инвестиция салуға келісім-шарт жасалды. Бұл жобаның I-кезеңі 2017 жылы маусым айында іске қосылғанын айта кеткен жөн.Без-названия

Бүгінгі таңда зауытта 1500 жұмысшы жұмыс атқарады. Ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысымен өндірілген өнім көлемі 20 миллиард теңгеден асқан. Енді бірі «Раxат Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құны 850 млн теңгені құрайтын вафельді түтікшелерді шығаруды ұйымдастыру жобасына Оңтүстік Корея елінің «Lotte Confectionery» компаниясымен инвестиция тартылды. Зауытта 700-ден астам жұмысшы бар. Бүгінгі таңға 2,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Ал «Химфарм» АҚ-ның 2017 жылы қыркүйек айында іске қосылған қатты пероральды дәрілік заттар цеxына 4 095,0 млн теңгеге Польша елінің «Polpharma» компаниясы инвестиция салды.

Сұхбат

PhotoRoom