4833 пәтер өз иелерін күтіп тұр

Аймақ
30.11.2017, 00:56

Баспана кезегінде тұрғандардың құлағына алтын сырға! Биыл Шымкентте барлығы 76 тұрғын үй, яғни 4833 пәтер пайдалануға берілмек. Жауапты мамандарының айтуынша, пәтерлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» салымы бар азаматар мен баспана кезегінде тұрғандар арасында үлестірілмек.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директор орынбасары Ақылбек Қоспановтың сөзіне сенсек, «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» өз салымшыларына көрсетілетін қызыметің ауқымын кеңейтіп, берілетін пәтер санын көбейтуді жоспарлап отыр. Мәселен, банк жүйесі бойынша биыл өңірде 982 пәтер пайдалануға берілсе, келер жылы Шымкент қаласында 2500-ге жуық пәтер салу жоспарланыпты. Салымшылар үшін ыңғайлылығы жағынан ІІІ-ші класқа жатқызылған пәтердің әр шаршы метірі — 140 мың теңге болмақ.

Айта кетейік, жыл соңына дейін «Шымситиден» 56, 74 пәтерлі 27 көтқабатты тұрғын үй қолданысқа берілмек. Бұдан бөлек 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыс орталығында 2478 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарда бар. Естеріңізге сала кетсек, жыл басынан бері 302 мың шаршы метр 76 үйдің құрылысы басталған болатын. Осы үйлердің 27-сі, яғни 1710 пәтері бюджет есебінен салынған. Олардың 16-сы арендалық, яғни, баспана кезегінде тұрғандарға, 11-і несиелік — тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі салымшыларына үйлестіріледі. Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілсейт Рабаевтың айтуынша, жеке инвесторлардың есебінен салынып жатқан үйлер де бар. Оның оның құрылысы ағымдағы жылы басталып, 4-і 2018 жылы пайдалануға берілмек.

Сұхбат

PhotoRoom