Шымкентте «Ұлттық мұра» студенттер мұражайы ашылды

Аймақ
30.11.2017, 02:06

Биыл қарашаңырақ – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына, бұдан былайғы уақытта... университетке - 80 жыл. Ұстаздар ұстаханасындағы ұлы тойды бүкіл ұжым дүркіретіп атап өтуде. Талай талант түлеп ұшқан білім ордасында мерейлі мереке қарсаңында түрлі орталықтар ашылды. Ең басты жаңалық, биылдан бастап, оқу ордасының университет мәртебесіне ие болуы екені рас.

Мерейлі мерекелік шараның шымылдығы білім ордасында бір емес, бірнеше орталықтың ашылуымен басталды. Бұл - 80 жылдық мерейтойдың әлқиссасы ғана. Әуелі ұжым басшылығы оқу ұясының студенттер қалашығындағы ғимаратында «Ұлттық мұра» студенттер мұражайын салтанатты түрде ашты. Мұнда көненің көзі, ұрпақ санасына ұлттық дәстүрді сіңіретін дүние көп. 100-ге жуық экспонат бар.vlcsnap-2017-11-23-13h30m05s98-678x381

Бұл күні шәкірттер жатақханасының алдынан ашық спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Шынығып, шымыр болу үшін бұған дейін студенттер білім ордасының бас ғимаратына қатынайтын. Енді ол қиындық артта қалды. 80 жылдыққа - 80 түп ағаш. Мұнан соң, ұжым тайлы тұяғымен, байырғы түлектер болып, барлығы бір кісідей университет ғимаратының ауласына тал екті. Дарақ қондырды.Шәкірттерге ыстық ұя, жайлы мекен болған 12 қабаттық жатақханада студенттер үшін 20-дан астам үйірме жұмыс істейді. Кітап -  ғалым, тілсіз мұғалім. Ілімнің қайнар көзі – кітапта. Осыны ескерген ұжым көркем әдебиет орталығын ашты. Оған негізінен білім ордасының негізін қалауға атсалысқан арда азаматтар Әзілхан Оспанұлы мен  Керімбек Сыздықовтың құнды 29 мың 200 күн. 960 ай. Яғни, 80 жыл. Тарихын тереңге жайған ордалы оқу орны бұл мерзімде талай қиын кезеңдерді артқа тастады. Тоқсаныншы жылдардағы реформалау кезінде келбеті көмескіленіп, атауы ұмыт бола бастады. Тек ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейлі мерекесінің тұсында ғана білім ордасы қайта еңсе тіктеді. Үкімет Қаулысымен өз алдына дербес институт болып құрылды. Содан бері оқу ұясының басшылық тізгінін ұстаған Оңалбай Аяшевтің ұжымға сіңірген еңбегі өлшеусіз.

Іргелі оқу орнының іргетасы 1937 жылы қаланды. Алғашқыда екі жылдық мұғалімдер институты болып ашылып, 4 қана кафедра жұмыс істеді. Институттың дербес ғимараты да болмады. Ұстаздар қаладағы мектептердің бөлмелерінде дәріс оқыды. Соған қарамастан, ел мектептеріне аса қажет болған мұғалімдерді даярлап шығарды. Осылайша, аядай ғана ұжымның аясы кеңіп, бүгінде ордалы оқу орнына айналды.

Сұхбат

PhotoRoom