Шымкенттегі кілем фабрикасы 6 мың тонна пропилен жібін иірген

Аймақ
30.11.2017, 02:25

Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Бал Текстиль» кілем фабрикасы кілемнен бөлек пропилен жібін де иіріп шығарады. Іске қосылған 2013 жылдан бері фабрика 6 мың тонна пропилен жібін иірген. Сондай-ақ, 10 млрд теңге болатын 9 млн шаршы метрге жуық кілем тоқып шығарды. Фабрика кілем өндірісінің нарықтағы бәсекелестігін арттыру үшін 2015 жылы кілем тоқуға арналған синтетикалық жіптерді өндіру жобасын жүзеге асырып, жалпы инвестиция көлемін 2,7 млрд. тг. ұлғайтты.

Республикадағы ірі кілем зауыты тоқыма саласына қосар үлесі мол. Бүгінде фабрика айрықша ою-өрнектермен әрленген, отандық кілемнің 2000-нан астам түрлерін облыс тұрғындарына ұсынуда. Жобаның серіктесі - әлемдегі ең ірі 5 кілем өндірушілердің бірі болып табылатын және әлемдік нарықта 20 жылдан астам тәжірибесі бар «Kartal Hali» (Түркия) компаниясы. Фабриканың шығарған өнімінің 30% экспортқа бағытталған. Кәсіпорынның шығаратын өнімі Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, елдерінің нарығына шығарылып қана қоймай алыс шет елдерге атап айтқанда Германия, Франция, Ұлыбритания мемлекеттеріне экспортталуда. Жобаны іске асыруға «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,4 млрд теңге көлемінде алынған несиесін субсидиялаған.

Сұхбат

PhotoRoom