Шымкенттегі кәсіпорын 9 млн шаршы метр кілем тоқып шығарған

Аймақ
30.11.2017, 02:27

Елбасымыздың бастамасымен құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасы іске қосылған 2013 жылдан бері 10 млрд теңге болатын 9 млн шаршы метрге жуық кілем тоқып шығарды. Ал осы аралықта фабрика 6 мың тонна пропилен жібін иірген. Фабрика кілем өндірісінің нарықтағы бәсекелестігін арттыру үшін 2015 жылы кілем тоқуға арналған синтетикалық жіптерді өндіру жобасын жүзеге асырып, жалпы инвестиция көлемін 2,7 млрд. тг. ұлғайтты.c0d58f8b5c85506c36aa35da43edf14a_XL

Республикадағы ірі кілем зауыты тоқыма саласына қосар үлесі мол. Бүгінде фабрика айрықша ою-өрнектермен әрленген, отандық кілемнің 2000-нан астам түрлерін облыс тұрғындарына ұсынуда. Жобаның серіктесі - әлемдегі ең ірі 5 кілем өндірушілердің бірі болып табылатын және әлемдік нарықта 20 жылдан астам тәжірибесі бар «Kartal Hali» (Түркия) компаниясы. Фабриканың шығарған өнімінің 30% экспортқа бағытталған. Кәсіпорынның шығаратын өнімі Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, елдерінің нарығына шығарылып қана қоймай алыс шет елдерге атап айтқанда Германия, Франция, Ұлыбритания мемлекеттеріне экспортталуда. Жобаны іске асыруға «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,4 млрд теңге көлемінде алынған несиесін субсидиялаған.

Сұхбат

PhotoRoom