Шымкентте өңір өнеркәсібін дамытып жатқан екі индустриялық аймақ бар

Аймақ
30.11.2017, 02:30

Жалпы экономиканың өркендеуінде өнеркәсіптің және кәсіпкерліктің дамуы негізгі рөл атқарады. Шымкентте өңір өнеркәсібін дамытып жатқан екі индустриялық аймақ бар. Олар «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялды аймағы. Олардың қала экономикасы мен бюджетіне әсері зор болып отыр.8656a6058012a14c766868d73aad133b_XL

Бүгінгі күнге дейін қала экономикасына жеке көздерден 22 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 3,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. 2016 жылы бұл кәсіпорындардан қала бюджетіне жеке табыс және әлеуметтік салықтардан 906,2 млн теңге кіріс түсті. Биылғы жылы 6 жобаға 8,4 млрд теңге инвестиция тарту арқылы 275 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде. Айта кету қажет, бұл 2 индустриялық аймақ әлі де толық көлемде жұмыс жасап тұрған жоқ. Қазіргі таңда кезең-кезеңімен «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының» шеңберінде жаңа зауыттар іске қосылуда. Толық көлемде жұмыс жасаған жағдайда қала экономикасына 106,0 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, жалпы 7,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom