ОҚО-да өткен мерекелік жәрмеңкеде тауарлар екі есе арзан сатылды

Жаңалықтар
04.12.2017, 23:15

Облыс орталығы – Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай азық-түлік тауарларына қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Жәрмеңке түрінде өткізілген шарада тұрғындар тауарларды нарықтағы бағадан  екі есеге төмен бағада сатып алды.DSC_5801

Қаладағы баға саясатын тұрақтандырып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған акцияны облыс пен қала әкімдігі ұйымдастырып отыр. Мұнда үш жүзге жуық кәсіпкер өз өнімдерін қала тұрғындарына арзан бағада ұсынды. Онда тек сатып алушыға ғана емес, тауар өндіруші мен шаруаға да қолайлы жағдай жасалды. DSC_5767

Қажетін алып, қаражатын үнемдеген халықтың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Себебі, жәрмеңкедегі тауардың бағасы көңіл қуантады. Мәселен, картоп пен сәбіз елу теңгеден сатылса, қырыққабаттар отыз теңгеден саудаланды. Сондай-ақ, сиырдың еті 1050 теңге көлемінде болды.

Шымкентте бұл жәрмеңке апта сайын тұрақты түрде өтіп келген. Бірақ, бүгінгі жәрмеңке Тұңғыш Президент күніне орай өткізіліп отырғандықтан қойылған тауар түрлері еселеніп, бағасы екі есеге төмен саудаланды.

 

Сұхбат

PhotoRoom