ОҚО-да шағын және орта бизнес өкілдері мемлекеттік бюджетке 104,6 млрд теңге көлемінде түсім түсірген

Аймақ
05.12.2017, 23:02

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 216 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс атқаруда. Осы субъектілерден ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік бюджетке 104,6 млрд.тг немесе жалпы түсімнің 43% құрап отыр. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбеталиев мәлім етті. Оның айтуынша бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға арттық.  ca98a83a073654b1872641e21531ea02_XL

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы ҚР Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері және бизнес-қауымдастықтарымен бірлесе, салық төлеушілердің талап-тілектерін ескере отырып, жаңа Салық кодексінің жобасы  дайындалды. Өздеріңіз куә болғандай, жобаны талқылау мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында, бейне-байланыс арқылы Мемлекеттік кірістер департаментінің салалық басқармаларының мамандарының және салық төлеушілердің қатысумен талқыланды.

 Сондай-ақ, қазан айында, Шымкент қаласында, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандарының қатысуымен, жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша ОҚО, Жамбыл, Қызылорда облыстарының салық төлеушілерімен өңіраралық көшпелі семинар өткізіліп, қызу талқыланды»,-деді спикер.

Сұхбат

PhotoRoom