ОҚО-ғы индустриалды аймақтарда 169 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Жаңалықтар
07.12.2017, 13:12

Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан индустриалды аймақтарда жалпы құны 155,2 млрд. теңгені құрайтын 169 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясының директоры Нұркен Бегулиев мәлім етті.img_0222

Оның айтуынша, аталған 169 инвестициалық жобаның ішінде құны 34,8 млрд. теңгені құрайтын, 4 мың жұмыс орынымен 68 жоба іске қосылған. Сонымен бірге, ол 1 бюджеттік теңгеге 10,2 теңге жеке инвестиция тартылғанын атап өтті.

«Облыстың инвестициалық тартымдылығын арттырумен шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында, облыстың барлық қалалары мен аудандарында индустриалды аймақтар құрылды. Аудандар мен қалалардағы индустриалды аймақтарға бөлінген жердің жалпы ауданы    959 гектарды құрайды. 2010 жылдан индустриалды аймақтарды инфрақұрылым нысандарының құрылысына мемлекеттік бюджеттен 15,2 млрд. теңге қаражат бөлінген»,-деді спикер.

Баспасөз конференциясында мәлім болғандай 2010 жылдан бастап ОҚО индустриалды аймақтарындағы кәсіпорындар құны 94,4 млрд. теңгені құрайтын өнім өндіріпті. Сонымен қатар, осы  жылдан бастап, индустриалды аймақтардағы орналасқан кәсіпорындардың бюджеттік аударымдары 7,2 млрд. теңгеге жетіп, бұл Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды аймақтарын құруға бюджеттік инвестициялардың 47,3% -ын құрайды.

«Сайгез ақпарат»

Сұхбат

PhotoRoom