ОҚО-ғы индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорындар жеті жылда 94,4 млрд. теңгенің өнімін өндірген

Жаңалықтар
07.12.2017, 18:01

Оңтүстік Қазақстан облысында индустриалды аймақтарда орналасқан кәсіпорындар 2010 жылдан бастап құны 94,4 млрд. теңгені құрайтын өнім өндірген. Ал, осы жылдың 9 айында жоғарыда аталған кәсіпорындар жалпы сомасы 13,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Осылайша, мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін дамытып отырған өндіріс ошақтары биылғы жылдың тоғыз айында бюджетке 1,7 млрд. теңге салық төлеген. Бұл жөнінде ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясының директоры Нүркен Бегулиев мәлім етті.95e3b76b-55da-407e-bd93-a8911376b765

Сондай-ақ, спикер биылғы жылы Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» индустриалды аймағы Қазақстан Республикасы бойынша өзін-өзі ақтаған ең алғашқы индустриалды аймақ болып табылатынын айтты.

«Жұмыстарды жандандыру мақсатында «Оңтүстік» индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясы 2018-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын әзірлеуде. Жобаны бақылау, инвесторларды тарту және инфрақұрылымды дамыту сияқты салаларда жұмыстар қарқынды жүргізілуде»,- деді Н.Бегулиев.

Бұдан бөлек, баяндамашы индустриалды аймақтың аумағында орналасқан кәсіпорындардың жер учаскелерін тиімді пайдалануды анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Жүргізілген жұмыстардың барысында Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасына жалпы ауданы 43,5328 га құрайтын    40 жобаны тексеруге хат жіберілгенін мәлім етті.

Сұхбат

PhotoRoom