ОҚО-ның көкөнісі мен жемісі Новосибирск қаласына экспортталады

Жаңалықтар
08.12.2017, 12:52

Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілген пияз, қызанақ, қияр, алма Ресейдің Новосибирск қаласына экспортталады. Жуырда сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында екі ел арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Келісімнің мақсаты өңірдегі ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің экспорттық әлеуетін арттыру дейді микроқаржылық ұйымының директоры Данияр Арынғазин. Қазіргі таңда Ресей Федерациясына өнімдерді жіберу бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. Олар тауар өндірушілерге қолдау көрсету мен кешенді қызметтерді ұсынумен айналысып жатыр.a1058a1986de67a1a86b84e57a83d777_L

Данияр Арынғазин, қаржылық ұйым директоры:  - Жақын арада біздің жоспарымыз бойынша жаңа жылға дейін алғашқы тауар өнімдері Новосібірге жолдауға жоспарлап отырмыз. Көбінесе көкөніс өнімдері. Әсіресе қазір пияз, қызанақ, қияр, одан кейін алма өнімдеріне қызығушылық білдіруде Ресей тарапы.

Еске салсақ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Новосібір қаласындағы «Фудсиб» сауда кешені арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Ондағы мақсат – өңірдегі ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады. Мұндай келісімге Ресейдің Новосібір қаласында өткен «Фудсиб» жемістер мен көкөністер көтерме және бөлшек сауда кешенінің ашылу рәсімі барысында қол жеткізіліп отыр. Аталған жиынға облыс әкімінің тапсырмасымен ОҚО мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, «Ырыс» микро қаржылық ұйымының директоры Данияр Арынғазин, Көлік және логистика аймағының бас директоры Е. Бектаев, «Ордабасы құс» ЖШС басшысы Б. Жұмаханов қатысып қайтқан болатын.

Сұхбат

PhotoRoom