ОҚО-да кәсіпкерлікті қолдау картасымен 135 жобаны іске асыру жоспарлануда

Аймақ
08.12.2017, 16:34

Оңтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығында (2010-2014 жж.) 176,5 млрд. теңгеге 10 200 жұмыс орнын құрайтын 115 жоба іске қосылған. Ал, индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығында (2015-2019 жж.) Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде құны 1,2 трлн. теңгеге 17 500-ден астам жұмыс орнын құрайтын 135 жобаны іске асыру жоспарлануда.l_BZHK-2020

Бүгінгі таңда индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 53,6 млрд. тг. құрайтын 54 жоба жүзеге асырылды (2015ж – 25 жоба, 2016ж – 19 жоба, 2017ж – 10 жоба). Онда 2100-ден астам жұмыс орны құрылды.

Индустрияландыру Картасы аясында өндіріс нысандарының тұрақты түрде ашылуы, өңірдің азық-түлiк, құрылыс материалдары мен тоқыма және фармацевтика салаларының орнықты базасының қалыптасуына септігін тигізуде.

Сондай-ақ индустрияландыру бағдарламасымен ауылдық аймақтар да қамтылды. Осылайша, облыс бойынша 11 индустриялдық аймақ құрылды, оның 8-і аудандарда. Олардың әрқайсысының өзіндік бағыттары мен даму тұжырымдасы бар.

Сонымен бірге облыста Ұлт жоспары – 100 нақты қадам шеңберінде инвестицияларды тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Осылайша 2017 жылдың 10 айында өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 114,6 млрд. теңгені құрап, 3 есеге өсті. Өсу қарқыны бойынша облыс республикада 1 - орында.

Сұхбат

PhotoRoom