Оңтүстікте тауар экспорты 5 паызға көбейді

Аймақ
08.12.2017, 18:04

ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметiнде Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң басшысы Алтынсары Үмбетәлиев 2017 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары жөнiнде брифинг өткiздi.

Оның айтуынша, мемлекеттiк бюджет жоспары 103 пайызға орындалды. Нақтырақ айтсақ, жоспар 245 млрд. теңге болса, бюджетке 251 млрд. теңге түскен.2 (26)

Оның iшiнде республикалық бюджетке 151 млрд. теңге түсiру жоспарланса, қазынаға нақты 152 млрд. теңге қосылған. Ал, жергiлiктi бюджет бойынша 99 млрд. теңге түсiрiлген. Бұл межелеген жоспардан 5 млрд. теңгеге артық.

– Он айдың қорытындысында кедендiк төлемдер мен салықтар көлемi 51 млрд. теңгеге жетiп, жоспар 100 пайыз орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда түсiмдер 7,4 млрд. теңгеге ұлғайды. Облыстың сыртқы тауар айналымы 1 млрд. 438 млн. АҚШ долларын құрап, 22 пайызға көбейдi. Ал, тауарлардың экспорты 24 млн. АҚШ долларына немесе 5 пайызға артса, тауар импорты 235 млн. АҚШ долларына жеттi. Бүгiнде департамент тарапынан облыста салық жинаумен қатар, отандық кәсiпкерлер мен шетелдiк инвесторларға жағдай жасалып, көлеңкелi экономикаға қарсы күрес жүргiзiлiп жатыр. Контрабандалық тауарлар әшкереленiп, департаментке қарасты экономикалық тергеу қызметi 529 iстi өндiрiске енгiздi. Оның 369-ы тергеумен аяқталып, 297 iс сотқа жолданды. Мемлекетке келтiрiлген 10,4 млрд. теңге залал соманың 41 пайызы өндiрiлдi, – дедi Алтынсары Үмбетәлиев.

Сұхбат

PhotoRoom