Созақтықтар «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 100-ден азамат несие алуға ниет білдірген

Аймақ
11.12.2017, 23:49

Теріскейде  «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде 1 қыркүйекке дейін жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге алпыс адам 158,8 млн. теңгеге (жоспар 100 адам – 308 млн. мың теңге) шағын несие алған. Жыл соңына дейін жоспарды жүз пайыз орындау да көзделіп отыр. Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама бойынша өткен жылы несиеленген азаматтар тарапынан қосымша 56 жаңа жұмыс орындары ашылған. Бүгінгі таңда шағын несиенің орташа мөлшері 2,7 млн. теңгені құрады.IMG_0676-678x381 Ал, осы жылға несие алуға 109 азаматтың тізімі ауылшаруашылық бөліміне ұсынылып отыр. Мәселен, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ОҚФ-на 43 азамат, «Ырыс» МҚҰ-на 26 азамат, ал «Созақ несие» ЖШС-не төрт азамат, барлығы 73 адам жолдамамен қамтылды. Сонымен «Созақ несие» ЖШС арқылы екі адам 7,46 млн.теңге, «Ырыс» МҚҰ арқылы 23 адам 50,1 млн.теңге шағын несиемен қамтылды. Сондай-ақ, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ОҚФ арқылы 35 адам 101,3 млн. теңге несиемен қамтылып, барлығы бүгінгі күнге алпыс адам 158,8 млн. теңге шағын несие берілді. Осылайша, олар өз кәсіптерін дөңгелетіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қоспақ. Сонымен бірге жаңа жұмыс орындары құрылады.

Сұхбат

PhotoRoom