ОҚО-дағы кәсіптік білім беру мекемелерінің шәкірттері аккумулятормен қозғалатын велосипед жасап шығарды

Аймақ
12.12.2017, 20:55

Ілімі іске жарады. «Қазақстанның 3 жаңғыруы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жаңғырту» тақырыбында облыстағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің шәкірттері шеберліктерін сынға салды. Ұстаздар мен шәкірттер бірлесіп жасаған дүниелері «Көрме» орталығында көпшілік назарына ұсынылды.1 (51)

Ұлттық нақыш сақталып, заманауи үлгіде тігілген көйлектер, түрлі тұрмыстық заттар, инновациялық жаңа жобалар тамашалауға келгендердің назарын аударды. Мұның  барлығы да өңірімізде арнаулы білім алып жүрген шәкірттердің қолынан шыққан. Ісмерлік өнерді ұғындырып, студенттерді шабыттандырған мұғалімдер де осы көрмеде. 2 (29)

Студенттер арасындағы дәстүрлі чемпионатқа облыстағы 36 техникалық және кәсіптік білім ұйымдарынан 186 қатысушы келді. Шеберлер 11 құзыреттілік бойынша бақ сынасады. Әрлеу және декоративті жұмыстар, ағаш ұстасы, аспаз ісі, электромонтаж, автокөлік жөндеу секілді түрлі бағытта біліктіліктерін көрсетпек. Болашақ арнаулы мамандардың арасындағы мұндай жарыс жас шеберлерді шыңдай түседі. Бұл чемпионаттың берері мол, – дейді облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков.4 (22)

Жаңа жобаларға ынтық шәкірттердің бірі аккумулятормен қозғалатын велосипед жасап келіпті. Қозғалтқышқа энергияны дөңгелекке орнатылған генератордан алады. Жоба авторы жасаған көлігін алдағы уақытта жетілдіруді көздеп отыр. Көптің назарына ұсынылған үздік жобаларға арнайы жүлде тағайындалған.

Сұхбат

PhotoRoom