ОҚО-да индикаторлардың орындалу барысы талқыланды

Аймақ
12.12.2017, 21:06

Облыс әкімдігінде селекторлық жиын болып өтті. Онда жыл қорытындысы жасалып, облыстың 2017 жылдағы... әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары сараланды. Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев басшылық еткен басқосуда, сондай-ақ, инфляция деңгейі, облыстық бюджеттің игерілу мәселелері талқыланды.e9c9a968-8b8a-4497-a962-4421e3b6abd5

Облыс басшысы құрылыс, өнеркәсіп индикаторларын әлі көтеру керектігін ескертті.  Сондай-ақ, сала басшыларына облыстық бюджеттің уақытында игерілуін және азық-түлік бағаларын тұрақтандыруды тапсырды.

"2017 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша облыстық бюджеттің игерілуі 98,2 пайызды құраған. Меже жыл соңына дейін толық игерілуі тиіс. Біздің өңір халық ең көп қоныстанған аймақ. Сондықтан тұрғын-үй құрылысы жандана түсуі керек. Бұдан бөлек, жыл соңына қарай азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін.  Осы мәселеде бақылауды күшейтіп, жіті қадағалауда ұстау қажет. Қыс айларында коммуналдық қызмет бағаларының да тұрақты болуын қамтамасыз етуді де назарда ұстаған жөн",-деді облыс әкімі.

Жиын барысында облыстық статистика департаментінің басшысы облыстың даму көрсеткішін нақты сандармен сөйлетті. Айдар Әбілдабековтің айтуынша, өңірдің 1 айдағы инфляция деңгейі 101,7 пайыз көлемінде.

"Облыстың жалпы өндірген өнім көлемі 773 млрд. 473 млн. теңгені құрады. Негізгі капиталға инвестициялар бойынша 417 млрд.  14 млн. теңге көлемінде қаржы түскен. Ал, бөлшек сауда тауар айналымы 380 млрд. 883 млн. теңге, көтерме сауда 554 млрд. 45 млн. теңгені құрады",-деді облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы жауапты мекемелерге инфляция деңгейін реттеп, аудандарда «Әр ауылдың өз шебері» жобасын жүзеге асыруды  тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom