ОҚО-да бірінші жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн. 340 млрд. теңгені құрады

Аймақ
13.12.2017, 13:37

Оңтүстік Қазақстан облысы үшін 2017 жыл берекелі жыл болды. Экономикалық өрлеудің негізгі көрсеткіші саналатын жалпы өңірлік өнім көлемі жыл сайын өсіп келеді. Биылғы жылға өңірлік жалпы өнім көлемі 3 трлн. теңгеге, ал өсім 2,0 пайыз көлемінде жоспарланған. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыста жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн. 340 млрд. теңгені құрап, 2,7 пайызға артты. Өсім көрсеткіші бойынша республика көлемінде облысымыз бесінші орында.ЛОготип общийON_LOGO (1)

Ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 526,9 млрд. теңгені құрап, 5,2 %-ға артты. Индустрияландыру картасы бойынша 250 млрд. теңгелік 172 жоба іске қосылып, 12633 жұмыс орны ашылды. Инвестиция көлемі 417,0 млрд. теңгені, немесе   2016 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 20,8 пайызға артты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 497,8 млрд. теңгені құрап, (39 млрд. теңгеге артты)   2,4 пайызға көбейді. Ірі қара мал саны – 47,9 мыңға, қой – 41,9 мыңға, жылқы – 46 мыңға, түйе – 1,6 мыңға артты. Мал шаруашылығын дамыту бойынша «Сыбаға» бағдарламасымен 16 932 бас аналық ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасымен 65 325 бас уақ мал (қой), «Құлан» бағдарламасы аясында 3075 бас жылқы алынып, республикада 1-ші орынды иеленді.

Сұхбат

PhotoRoom