ОҚО бірқатар салалардың орындалуы бойынша елімізде көш ілгері

Аймақ
13.12.2017, 16:06

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 158 кооператив құрылып, кооперативтердің жалпы саны 640-қа жетті. Осылайша, облысымыз кооперативтер құру тапсырмасы бойынша да елімізде көш бастады.

Жылыжай салудан, тамшылатып суарудан, мал бордақылау алаңдарын, отбасылық сүт фермаларын салудан көрсеткіштер жоғары. Экономиканың осылайша дамуы халықтың әлеуметтік мәселелерінің дер кезінде шешілуіне жол ашып отыр.Без названия

Биыл 14 694 пәтер салынуда, жыл соңына дейін соның  5 893-і берілетін болады. Ағымдағы жылдың 11 айында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы    547 мың шаршы метрді құрап, 4,2 пайызға артты. «Өрлеу» жобасы бойынша биыл 9,3 млрд. теңге жоспарланып, 126 мың адамды жұмыспен қамту көзделген. Сондай-ақ, жыл басынан 72 943 жаңа жұмыс орны ашылды.  Елбасының тапсырмасына сәйкес білім саласының дамуына ерекше назар аударылуда. Ағымдағы жылы облыста 29 540 орынға лайықталған 79 білім нысанының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде, 14 600 орынға лайықталған 31 білім нысаны биыл пайдалануға берілді. Бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту өте өзекті мәселе. Өткен жылы облыста бүлдіршіндердің 67,9 %-ы балабақшамен қамтылса, биыл бұл көрсеткіш 82,5 %-ға жетті.

Ол үшін облыста жаңадан мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ашылып, онда 15 мыңға тарта орын құралған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 85,5 %-ға жетеді деп жоспарлануда.

Сұхбат

PhotoRoom