Оңтүстікте Астананың ерекше сәулеті бейнеленген кілемдер көрмесі өтті

Жаңалықтар
13.12.2017, 18:41

Оңтүстік Қазақстан облысында Астананың 20 жылдық мерекесіне орай кілемдер көрмесі ұйымдастырылды. «Астана Тәуелсіздіктің жемісі» атты салтанатты іс-шарада «Бал Текстиль» ЖШС-гі  елорданың 20жылдығына орай бас қаланың ең ерекше  тұстары мен әсем ғимараттары бейнеленген кілемдерін ел назарына ұсынды.Отандық өнімдер қойылған көрмеге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып,жиналғандарды мерекемен құттықтады.2 (31)

Көрмеге қойылған кілемдердің бірқатарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленсе,қалғандарында Астана қаласындағы келбеті келіскен АқордаБайтерекХан ШатырҮкімет үйі,орталық мешіт секілді ғимараттар көрініс тапқанКәсіпорын басшылығы арнайы дайындалған 20кілемді жасап шығуға бір апта уақыт жұмсағанын айтады.1 (53)

Айта кетейікбүгінде «БалТекстиль» ЖШС-гі еліміздің тоқыма өнеркәсібін өркендетіп отырған кәсіпорын.Қазіргі таңда мұнда 2 мыңға жуық кілем түрлері шығаралады. Жалпы аумағы 6 гектарды алып жатқан фабрика жылына 5 млн. шаршы метр кілем шығаруға қауқарлы. 2013 жылы іске қосылған кәсіпорын бүгінге дейін 9 млн. шаршы метр кілем шығарып, 6 млн шаршы метр пропилендік жіп өндірген.5 (16)

Сондай-ақ, шара барысында өңіріміздің суретшілері де Тәуелсіздікке деген құрметін фотокөрме арқылы білдірді. Елбасы мен елордадағы көз тартар көркем ғимараттардың фотосуреттері бейнеленген өнер иелерінің туындылары көптің көңілінен шықты.

Сұхбат

PhotoRoom