Төлебидегі жиһаз шығаратын цех осы жылы 6 мыңнан астам өнім шығарған

Жаңалықтар
13.12.2017, 22:29

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында бір айда 500 данадан астам жиһаз өндіретін «Янгуан» ЖШС-нің кәсібі өрге дөңгелетіп келеді.4 (23)

Отандық өнімді қолдай келген өңір басшысы Ж.Түймебаев жиһаз жасайтын цехын аралап көріп, өнімнің сапасына оң бағасын берді. Сонымен қатар, бағасы да қолжетімді екенін атап өтіп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.5 (17)

Өткен жылы жұмысын бастаған кәсіпорынға тартылған инвестиция көлемі жүз млн теңгені құрайды. 2016 жылы цех алты мыңнан астам орындық, ал осы жылдың он айында алты мың бес жүзге жуық орындық жасап шығарған. Кәсіпорында жалпы саны елу адам жұмыс жасайды. Орындықтарды жасауға қажетті ағаш Петропавл, Павлодар қалаларынан тасымалданады екен.

Мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсіп бастап, нәсіп көрген Төле би ауданының тұрғыны Үкіметтің қолдауымен пайызы төмен несие алып, өткен жылы жиһаз шығаратын цех ашқанын айтады. Осының арқасында осы күні іскер азамат кәсіпкер атанып, тұрғындарды да жұмыспен қамтып отырғанын айтады.

Сұхбат

PhotoRoom