ОҚО-да ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 500 млрд теңгені құрады

Аймақ
13.12.2017, 22:50

Оңтүстік Қазақстан облысы 2017 жылды  жақсы көрсеткіштермен қорытындылап отыр. Аграрлы аймақта осы жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 497,8 млрд. теңгені құрап,   2,4 пайызға артып отыр. Сонымен қатар,  ірі қара мал саны 47,9 мыңға, қой 41,9 мыңға, жылқы 46 мыңға, түйе 1,6 мыңға көбейген. Мал шаруашылығын дамыту бойынша «Сыбаға» бағдарламасымен 16 932 бас аналық ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасымен 65 325 бас уақ мал (қой), «Құлан» бағдарламасы аясында 3075 бас жылқы алынып, ослайша республикада 1-ші орынды иеленді.агро

Экономикалық өрлеудің негізгі көрсеткіші саналатын жалпы өңірлік өнім көлемі жыл сайын өсіп келеді. Биылғы жылға өңірлік жалпы өнім көлемі үш трлн. теңгеге, ал өсім екі пайыз көлемінде жоспарланған. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыста жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн. 340 млрд. теңгені құрап, 2,7 пайызға артты. Өсім көрсеткіші бойынша республика көлемінде облысымыз бесінші орында.

Ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 526,9 млрд. теңгені құрап, 5,2 пайызға артты. Индустрияландыру картасы бойынша 250 млрд. теңгелік 172 жоба іске қосылып, 12633 жұмыс орны ашылды. Инвестиция көлемі 417 млрд. теңгені, немесе  өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 20,8 пайызға артты.

Сұхбат

PhotoRoom