Оңтүстікте ірі жобалар жүзеге асуда

Аймақ
15.12.2017, 02:04

«ҚазАгро» ұлттық холдингі  Оңтүстік өңірінде құны  32 миллиард теңгеден асатын  57 жобаны қаржыландырған. Соның 47-сі бүгінде пайдалануға берілді.

Жүзеге асқан 47 жоба аясында оңтүстік өңірінде 1417 жаңа жұмыс орны ашылды. Өңірдегі ірі жобалар қатарында «Оңтүстік Құс», «Аделя», «Қазына жер LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Айта кету керек, ағымдағы жылы «ҚазАгро» холдингі тарапынан облыс бойынша 5 миллиард 591 миллион теңге көлемінде несие серіктестіктері қаржыландырылды. Бұл - қарқынды қозғалыс.Без названия

Ірі тауарлы сүт фермалары, бордақылау алаңдары, жылыжай кешендерінің құрылысы осы қордың көмегімен қаржыландырылуда. Серпінді жоба Арыстағы Ақдала ауылында жүзеге асты.  «Қазына жер LTD»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты 800 басқа арналған тауарлы сүт фермасының қазіргі жұмысы қарқынды.

Бүгінде құны  2 миллиард теңге тұратын жоба толық қуатында жұмыс істеп тұр. Германия елінің озық үлгідегі өндіріс технологиясымен жабдықталған. Бір тиімдісі, фермада бар-жоғы 3 сауыншы ғана жұмыс істейді. Олар компьютерлік құрылғының көмегімен көп уақыт шығындамай 600 сиырды бір-ақ сауатын болды. Сөйтіп, тәулігіне  әр сиырдан орта есеппен 28 литрден сүт саууға қол жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom