ОҚО-дағы индустриалды аймақтарда келер жылы 11 жоба жүзеге аспақ

Аймақ
15.12.2017, 02:32

Оңтүстік Қазақстан облысындағы индустриалды аймақтарда 2018 жылы жалпы сомасы 38,6 млрд теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 1 487 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Индустриалды аймақтың аумағында орналасқан кәсіпорындардың жер учаскелерін тиімді пайдалануды анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілуде. ЛОготип общийON_LOGO (1)Жүргізілген жұмыстардың барысында Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасына жалпы ауданы 43,5328 га құрайтын 40 жобаны тексеруге хат жіберілді. Оның ішінде: 19 жобаға «жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланбағандығы  туралы» нұсқама жолданған (20,336 га); 10 жобаның жер учаскелері басқа жеке және заңды тұлғаларға рәсімделген, (12,4963 га);  Ал 5 жобаның жер учаскесі сот шешімімен алынған,  (3,5051 га); 6 жобаның жер учаскелерінің пайдалану мерзімі аяқталған, (10,1954 га).

Облыстағы кәсіпорындардың белсенді салаларын анықтау үшін «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың  басқарушы компаниясы» Оңтүстік Қазақстан облысының әрбір ауданына экономикалық негіздеме әзірленді. Сонымен қатар, облыстың аудандарында және қалаларында индустриалды аймақтарды толтыру мақсатында танысу мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom