Президент Жамбыл облысын құттықтады

Аймақ
24.10.2014, 12:51

Жамбыл облысы тұрғындарының атына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрұслтан Назарбаевтың облыстың 75 жылдық мерейтойымен құттықтауы келіп түсті.

1939 жылы қазанда Қазақ КСР-і Үкіметінің шешімімен Әулие ата облысының атауы Жамбыл облысы болып ауыстырылды. Бұл Жамбыл облысының құрылған күні саналады.

«Қазақстандықтар өзінің тарихи көрікті жерлерімен және әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерімен белгілі болған сіздердің өлкелеріңізге әрдайым зор үміт артқан және артып та келеді. Жамбыл облысы да тәуелсіздік жылдарындағы түбегейлі реформалардың арқасында үлкен өзгерістерге ұшырады. Соңғы жылдары аймақтың инфрақұрылымының дами түскені қуантады, ал ірі өндірістік жобаларды іске асыру нәтижесінде елдің әл-ауқаты артып, мәдени-тұрмыстық жағдайы жақсарды», - делінген ҚР Президентінің құттықтауында.

«Бүгінде үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде облыста 41 жоба жүзеге асырылуда, оның 29-ы іске қосылды. Оның ішінде бізде бұрын шығарылмаған өнімдерді өндіретін кәсіпорындар бар. Осының бәрі облыстың жарқын келешегіне үміт ұялатады. Кеден одағының белсенді жұмысы, Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралін пайдалану, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, туризмді дамыту арқылы облыс халқының тыныс-тіршілігі жаңа сапалы деңгейге көтерілетіні сөзсіз. Облыстың көпұлтты халқы «Қазақстан-2050» стартегиялық бағытын жүзеге асыру ісіне өзінің лайықты үлесін қосады деген үміттемін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде.

Сұхбат

PhotoRoom