ОҚО-ғы шығарылып жатқан Отандық өнімге сұраныс жоғаро

Аймақ
15.12.2017, 03:25

Ордабасы ауданыда индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асқан кірпіш зауыты енді тәулiгiне 60-70 мың кiрпiш өндiрмек.

Бюджеттен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 140 миллион теңге қаржы бөлініп, инфрақұрылым тартылған. Аталған зауыт автоматтандырылған жүйедегі жаңа технологиялы қыш зауыты тәулігіне 55 мың дана өнім өндіреді.b96b0675996074d026b87e19f230d72d_XL

Жергілікті өнім аймақтағы қарқыны үдей түскен құрылыс жұмыстарында қолданылуда. Отандық өнімге сұраныс жоғары. Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында iске қосылған кәсіпорын келесі жылы қуаттылығын 60 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Мұнда жергілікті 62 адамды жұмыспен қамтылып отыр.

Заманауи технологиялармен жабдықталған зауытқа 526,9 миллион теңге жұмсалды. Инфрақұрылым 140 миллион теңгеге жүргiзiлген. Қазiргi таңда зауыт күнiне 55 мың кiрпiштi iшкi нарыққа шығаруда. Бiр кiрпiштiң бағасы – 35 теңге. Көбiне құрылыс жүргiзетiн компаниялар өтiнiш бередi. Бастысы, отандық өнім экологиялық таза. Жол, электр желісі мен газ құбыры индустрияландыру бағдарламасына сәйкес тегін тартылған. Мемлекет қолдауының арқасында кәсіпорын еңсесін тіктеп, аяғына нық тұрып үлгерді. Нәтиже де жаман емес.

Сұхбат

PhotoRoom