«Назар-Текстиль» фабрикасы айына 105 мың шаршы метр кілем тоқып шығарады

Аймақ
15.12.2017, 03:38

Шымкент қаласының «Оңтүстік» экономикалық аймағынан ашылған «Назар-Текстиль» кілем тоқу фабрикасы жылына 3 миллион шаршы метр кілем өндіруді жоспарлап отыр.

Бүгінде 120 адам қызмет ететін фабрикада тоқу станогының төртеуі іске қосылған. Жалпы жоба бойынша 12 станок орнатылуы тиіс болса, бүгінде қалғанына тапсырыс берілген. – Кілем тоқу станоктарын Бельгияның «VanDeWiele» компаниясынан алуға тапсырыс берген.542281a194ecac6fdeb498b5f212dc5c_XL

Өйткені, «VanDeWiele» компаниясының техникасы сапа жағынан әлемдік көрсеткіште көш бастап тұр. Олар техниканы 100% өздері жасайды, – дейді «Назар-Текстиль» кілем тоқыма фабрикасының заңгері Мақсат Бақытжанұлы. – Тіпті, станокты іске қосу тетігіне орнатылатын түймені де Бельгияда өндіреді. Мұның артықшылығы көп. Ертеңгі күні техниканы пайдалану әдісін меңгеру кезінде түрлі сұрақтар туындаса немесе техникалық ахаулықтар орын алса, уақыт өте келе бұзылса, қосалқы бөлшектерін жаңартуға тура келсе, әр елге байланысқа шығып әуре болмаймыз. Бір ғана Бельгияның көмегімен бұл мәселенің шешімін табуға болады. Бельгиядан келетін техникаға қарап отырған ұжым жоқ. 3 ауысыммен жұмыс істейтін мекеме ай сайын 105 мың шаршы метр шамасында кілем тоқып шығарады. Станоктар толық іске қосылмағанның өзінде жылына 2 млн м2 кілем тоқылуда.

Сұхбат

PhotoRoom