Ғасырдан астам тарихы бар «Химфарм» зауыты 200-ден астам дәрі-дәрмек шығарады

Аймақ
15.12.2017, 03:57

Оңтүстік Қазақстан облысындағы дәрі-дәрмек өндіретін, ғасырдан астам тарихы бар «Химфарм» зауытының өндіріс қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фарамацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден астам дәрі-дәрмек бар екенін айта кету керек.7ff382f87b5e51e6ee9f2b191bddcbcd_XL

Сонымен қатар, компания өз өнімдерінің 90% ішкі нарыққа жеткізсе, 10%-ын бес елге экспорттайды. Яғни, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Монғолия және Түрікменстан.

Бұған қоса Польфарм компаниясы фармацевтикалық өнімдердің жаңа түрлерін жаңғырту және өндіру мақсатында «Химфарм» АҚ-на 100 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция құйғанын айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта компания дәрі-дәрмектер өндірушілердің арасында жетекші орын алап отыр. Және де отандық дәрі-дәрмектер нарығының 40 пайызын, ал еліміздегі жалпы дәрі-дәрмектер нарығының 4 пайызын қамтып отыр екен.

Айта кетейік, 2016 жылы Польша Республикасы мен Оңтүстік Қазақстан облысы арасындағы тауар айналым 13,3 млн. АҚШ долларын құраса, жыл басынан бері тауар айналым 8,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Сұхбат

PhotoRoom