Алматы облысында «Самғау » журналистер премиясы өтті

Жаңалықтар
17.12.2017, 16:07

WhatsApp Image 2017-12-15 at 17.43.00

Тәуелсіздік мерекесі қарсаныңда Алматы облыс әкiмi Амандық Ғаббасұлы 7 аталым бойынша 21 медиа майталмандарын марапаттады.

Байқауға жүзден аса үміткер қатысып, ең үздігі іріктелініп алынды. Номинация иегерлерін  жiгерлендiретiн, олардың өмiрiне күш беретiн мұндай шара облыста  тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Еліміздің танымал тұлғаларынан құралған қазылар алқасы жеңімпаздардың жұмыстарын бағалау арқылы анықтады. «Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы тақырыптардың барлығы қамтылды,-деді Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алиұлы.

«Мұндай байқаулар жастардың еңбегін бағалап, игі бастамаларына қолдау көрсетеді. Елдің дамуына үлес қосып жүрген жас мамандарды алға ұмтылуға, талапты да табанды, еңбекқор болуға шақырады»,-дедi облыс әкiмi құттықтау сөзiнде.

«Жалпы шығармашылық жандар үшін  еңбектің бағалануы ол үлкен марапат. Мен «Жетісу» телеарнасында  тілші ретінде жаңалықтарды латын әліпбиіне көшуіне байланысты көптеген бейнематериал жасадым, сонымен қатар әлеуметтік желілерде күшім жеткенше жазба реформасына қатысты өзімнің пайым- пікірлерімді  жариялап отырдым. Сол еңбек бағаланды, жұмыс көрінді. «Самғаудың» бір жүлдесі маған да бұйырды. Байқау ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да осы Елбасы бастаған «Рухани жаңғыру» аясындағы басым бағытты әрі қарай жалғастырып, насихат жұмыстарын жүргізе беремін»,-деді байқау жеңімпазы Мұхит Тоқтасын.

Айта кетейік, кеш соңында жеңімпаздар  естелік суретке түсіп, арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.

 

 

Балжан Қайратқызы

Сұхбат

PhotoRoom