Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Рейтинг
10.01.2018, 18:34

67d0bae6459bd7d0a6fb82a67e71e178f1d6773b

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда сайты.

Айта кетейік, Асқар  Мырзахметов 2016 жылдың маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған.

1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған.

2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.

2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2015 жылғы тамыздан бастап 2016 жылдың мамырына дейін – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2016 жылдың мамырынан – ҚР ауыл шаруашылығы министрі.

2016 жылдың маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды (ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болды).

Сұхбат

PhotoRoom