Қазақстан Президенті «ExxonMobil» компаниясының бас атқарушы директоры Даррен Вудспен кездесті

Жаңалықтар
18.01.2018, 13:38

209429b6602e2482ab0291c3a05f1545

Мемлекет басшысы Қазақстан мен «ExxonMobil» компаниясы арасында мұнай-газ саласында қалыптасқан экономикалық серіктестікті айрықша атап өтті.

Қазақстан Президенті бұл компанияның Теңіз және Қашаған мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобаларға атсалысып отырғанын айтты.

Д.Вудс Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының басталуымен және АҚШ Президенті Д.Трамппен өткен келіссөздердің табысты болуымен құттықтады.

Сұхбат

PhotoRoom