Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады (видео)

Жаңалықтар
27.02.2018, 21:15

 

afac0836b85c0a42f677d3c744741495

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Алтай Көлгінов Қазақстан Президентіне өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштердің өскені туралы, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың  жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.

– Облыста әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты. Қабылданған мемлекеттік бағдарламалар белсенді түрде іске асырылып жатыр. Соның нәтижесінде экономикада оң үрдістердің орын алғаны байқалуда, – деді Батыс Қазақстан облысының әкімі.

https://www.youtube.com/watch?v=FsT2EYKygto

Сонымен қатар А.Көлгіновтің мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп, қайта өңдеу секторы мен құрылыс салаларындағы көрсеткіштердің артып келе жатқаны атап өтілген. Жалпы өнім көлемі 2,2 триллион теңгеге жеткен.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Сұхбат

PhotoRoom