Шымкенттегі зообақта төрт қонжық дүниеге келді

Түркістан облысы
03.03.2018, 03:54

IMG_3068

 «Осы жылдың басында «Зина» атты қоңыр аю егіз қонжық туған болатын. Араға екі апта салып «Люся» есімді аю балалап отыр. Екі қонжықтың да жағдайы жақсы.

Зообақ қызметкерлері әзірге қонжықтардың жынысын анықтай алмады. Себебі аю өте қызғаншақ және қонжықтарын ешкімге көрсетпейді», - дейді Дастан Баширов.

Зообақ басшылығы енді қала тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушыларына қонжықтарға ат қоюға ұсыныс тастап отыр. Яғни, атын қоямын деушілер болса, Фейсбук әлеуметтік желісінде Шымкент зоопарк парақшасына жазып жіберулеріне болады.

Айта кетейік, бүгінде қаладағы хайуанаттар бағында жалпы саны 11 аю бар. Оның екеуі Қызыл кітапқа енгізілген Тянь-Шянь аюы болса, қалған тоғызы орманның қоңыр аюы.

Сұхбат

PhotoRoom