«Оңтүстік цирк» биік белестерде

Аймақ
20.03.2018, 02:30

000

«Оңтүстік цирк ұжымы» Түркістан қаласында гастрольдік іс-сапарда болды. Өнер ұжымы «жылжымалы цирк» (шапито) өнерін дамытуды мықтап қолға алған. Алғашқы іс-сапарын киелі шаһардан бастап, ең алдымен бабалар рухына арнайы құрбандық шалып, құран бағыштады.

8- Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай,  «Наурыз думан» атты жаңа бағдарламасын  көрермендер назарына  ұсынды. Қызыққа толы болған қойылымның соңы әуезді әнмен жалғасып, бүлдіршіндер сүйікті кейіпкерлерімен суретке түсті.

Алдағы уақытта «Оңтүстік цирк» ұжымы гастрольдік іс-сапарын өзге де қалаларда жалғастыратын болады.

  0000000

Айта кетейік, «Оңтүстік цирк» ұжымы Халықаралық «Шабыт», «Азия жаңғырығы» сынды байқауларда жүлделі орындарды иемденген. Қазіргі таңда цирк әртістерінің көпшілігі шет елдерде тәжірибе алмасып жүр. Қазақстанда 3 цирк болса, соның ішіндегі ең жасы «Оңтүстік цирк» ұжымы болып есептеледі.

oninfo.kz

 

Сұхбат

PhotoRoom