ТАЛАС АУДАНЫНДА 23 АУЫЛДЫҢ 9-Ы ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

Аймақ
21.09.2018, 11:00

Талас ауданы

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Талас ауданы әкімі Досмаханбет Алиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Досмаханбет Қасымұлы ауданның соңғы 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Ағымдағы жыл еліміз үшін табысты да берекелі, қуаныш пен жасампаздыққа толы жыл болды. 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы жалпы өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 22 млрд. 109 млн. теңгені құрап, 14,0%-ға немесе 2 млрд. 715 млн. теңгеге өсті. (2017 жылы 19,394 млрд. теңге) Өнеркәсіп өнімдері 11 млрд. 736 млн. теңгеге өндіріліп 116,4 пайызға артық орындалды. Нақты көлем индексі 110,9% құрады». Бұл Талас ауданы әкімі Досмаханбет Алиев келтірген жыл басынан бергі көрсеткіштер.  Аудан басшысының айтуынша, есепті мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 228 млн. теңгені құрап, 2017 жылымен салыстырғанда 136,9 пайызға орындалды. Таласта 2018 жылдың 1 қыркүйегіне кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 1 739 адамды құрады. Ал, аудандағы 23 ауылдық елді мекен ішінен 9 елді мекенге газ құбыры жеткізілген. Пайдалануға берілген тұрғын жай 22 269 шаршы метрді құрап, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 3,3 есеге өсіп, немесе 15 616 шаршы метрге артық орындалған көрінеді.

таласта әкім

Естеріңізге салсақ, осыдан екі ай бұрын облыс әкімі Асқар Мырзахметов Талас ауданында жұмыс сапарымен болып, аймақтағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы туралы жиын өткізген болатын. Онда аудан экономикасының негізгі салаларында ілгерілеуден гөрі іркіліс көп екендігіне назар аудартты. Әсіресе, аудан әкімі мен облыс әкімі, облыс әкімдігінің басқармалары арасындағы негізгі индикаторларға қол жеткізілмегендігі баса айтылған болатын. Жергілікті билікке экономиканың өзегі саналатын ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларындағы сан түрлі мәселелерді шешу жолдарын қарастыру тапсырылған еді. Жалпы облыс әкімі  Талас ауданының көрсеткіштеріндегі оң динамиканы атап өткеніндей, бүгінгі баспасөз мәслихатында ауданның өндіріс саласы жанданғаны, қосымша жұмыс индикаторлары іске қосылғаны айтылды.

Сұхбат

PhotoRoom