"Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" Жамбыл облысында қалай іске асып жатыр?

Жаңалықтар
21.09.2018, 11:04

Асқар Мырзахметов

Ондағы бес бастама бойынша атқарылып жатқан жұмыстар көңіл көншіте ме? Бұл сауалдарға бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында жан-жақты жауаптар берілді. Басқосуда өңір басшысы Асқар Мырзаxметовке тиісті облыстық басқарма басшылары қолға алынған шаруалар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Алғашқы болып сөз алған облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Қалдыбаев xалықтың тұрғын үймен қамтылуын, "7-20-25" бағдарламасының орындалу барысы туралы тілге тиек етті.

Қазіргі таңда облыста арендалық тұрғын үй алуға 23 мыңнан аса адам кезекте тұр. Оның ішінде xалықтың әлеуметтік осал тобы - 12986 адам, бюджеттік қызметкерлері -7354, жетім, қамқорлықсыз қалған балалар - 2706, Ұлы Отан соғысының ардагерлері-8, үйі авариялық деп танылғандар – 1 адам.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, облыс бойынша 44 648 салымшылармен 9,95 млрд.теңге жинақталған. Ағымдағы жылы тапсырылатын 800-пәтерлі 10 көпқабатты тұрғын үйлерден пәтер алуға 1039 азамат ниет білдірді. Олардың, 308 өтініші қолданып, 14 қыркүйектегі мәліметіне сай 228 азаматтың төлем қабілеттігі бойынша растау алынған. Қалған пәтерлерді(572 пәтер) сату мақсатында, 17 қыркүйектен бастап өтініштерді қабылдау туралы хабарлама берілген.

Сондай-ақ, баяндамашы «7-20-25» бағдарламасы аясында, екінші деңгейлі банктерге 125,7 млн.теңгеге 11 өтініш түсіп (Центркредит банкі), 69,9 млн.теңгеге 7 өтініш бойынша несие берілгенін жеткізді.

Асқар Исабекұлы бұл бағыттағы жұмыстардың жүйесіздігінен, нақты жоспар, талдау, сараптаудың жоқтығынан, түсіндіру жұмыстарының әлсіздігінен көрсеткіштің ойдағыдай еместігін баса айтып, жұмыстарды жандандыру керектігін ескертті. Бағдарламаға банктердің қатысу барысын барлап, өкілдерінен жауаптар алды. Ақпараттандыру, насихат жұмыстарын күшейту керектігін алға тартты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жоғары оқу орындарындағы студенттердің жатақханамен қамтылу жайы сөз болды. Бүгінгі таңда облыста 3 жоғары оқу орнының екеуінде жалпы сыйымдылығы 1264 орынға арналған жатақхана бар. Ал жатақханаға мұқтаж 1637 студент анықталған. Атап айтсақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универсетінде жатақханаға қажеттілік – 657 орын, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде – 780, ТИГУ-да – 200 орын жатақханаға қажеттілік туындауда. Сонымен қатар, облыста 3 колледж студенттері үшін 750 орындық жатақхана салу қажеттілігі бар. ТарМУ мен ТарМПУ-де бұл мәселенің шешілу жолдары қарастырылып, жатақхана салу көзделуде. Ал ТИГУ «Тараз» қонақ үйін сатып алу арқылы жатақхана мәселесін шешіп отыр. Өз кезегінде колледждер де осы орайда жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар, жиында «Шағын несие беруді көбейту», облыс тұрғындарын газдандыру бастамалары негізінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы да кеңінен айтылды.

Сұхбат

PhotoRoom