ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМ КЕҢ ҚАНАТ ЖАЙМАҚ

Аймақ
22.09.2018, 22:25

багд

Жамбыл  облысында  «БЕРЕКЕ»  бағдарламасының тың жобалары жүзеге асырылмақшы.

Аталмыш бағдарламамен туризмді дамытуға 250 млн. теңге бөлініп отыр.  Бұл жөнінде Жамбыл облысы облыс әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова ханым облыс əкімдігі ішкі саясат басқармасының «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте хабарлады.

бағд 2

Осы ретте Жамбыл облысы экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде – туризм саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп отырғанын айта кету керек. Жоспарланған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін облыстың оң туристік имиджін қалыптастыру және туристік ағымды тарту үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Қарлығаш Әмірқызының айтуынша «Береке» бағдарламасы бойынша туризм саласындағы орта және кіші бизнес субъектілерін қаржылай қолдауға қосымша 250 млн. теңге бөлінген («Даму» Қоры және Жамбыл облысы әкімдігі паритетті негізінде).

Ал, 2019 жылдың басынан жалпы сомасы 5,4 млрд. теңгені құрайтын бірқатар нысандар құрлысының басталуы жоспарлануда. Оның ішіне 5 қонақ үй, 5 мейрамхана, 2 киіз үй қалашығы мен үлкен үміт артылып отырған тау-шаңғы базасы кіреді. Арнайы туристік аймақтар құру бойынша инвесторлар, меценаттар, қаржы институттары арқылы тартылған қаражат есебінен 5 туристік аймақ құрылуда: «Қаралма» тау-шаңғы базасы, Шахристан аумағындағы облыстың негізгі туристік нысандарын көрсетуге арналған «Show-room»-ы бар «Көне Тараз шеберлері» қолөнершілер қалашығы, «Төрткөл» керуен сарайындағы «Қазақ ауылы» тарихи-мәдени орталығы, «Айша Бибі» және «Қарахан» кесенелері мен «Әулие Бастау» сауықтыру орны кіретін тарихи-археологиялық кешені», «Ақыртас» сарай кешені («Ақыртас» кешені ғимаратының соңғы үлгідегі бейнесі).

Сондай-ақ, ағымдағы жылы трансшекаралық туристік маршруттарды дамыту бойынша Қырғызстан мемлекетінің Талас және Ыстықкөл облыстарын Жамбыл облысымен байланыстыратын «Ұлы Жібек жолындағы туризм» трансшекаралық туристік маршруты құрылды. Бірыңғай маршрут аймаққа қосымша туристерді тартуға мүмкіндік беріп, облыстың туризм саласының мейлінше қарқын алуға жол ашпақшы.

 

Сұхбат

PhotoRoom