ЕМХАНА ТАҢДАУ - ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА

Жаңалықтар
24.09.2018, 01:26

Қыркүйектің 15-інде Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды. Екі айға созылатын жыл сайынғы дәстүрлі кампания 15-қарашада аяқталады.

Емхана

Бұл науқанның мақсаты - қаралып жүрген емханасына көңілі толмайтын азаматтарға емдеу мекемесін ауыстыруға мүмкіндік беру. Сонымен қатар, бұл шара рынокқа жаңадан қосылған медицина ұйымдарының келер жылы халыққа қызмет көрсетуге тапсырыс алуына жағдай жасау мақсатында өткізілетінін айта кеткен дұрыс. Өткен жылы облыстың 19 мыңнан аса тұрғыны емхана таңдау құқығын пайдаланған. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” Коммерция емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Бокаеваның қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Брифингте спикерлер 15 қыркүйектен бастап облыс тұрғындарын емханаға тіркеу науқаны басталғаны туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, былтырғы тіркеу науқаны барысында 300 мыңнан астам қазақстандық азамат емтиханды таңдау құқығын пайдаланған болатын.

– Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден екі есе көп. Тіркеу кампаниясына деген қызығушылықтың артқанын, азаматтардың аталған науқан туралы ғана емес, емхананы еркін таңдау құқығы жайлы да біле бастағанын білдіреді. Өткен тіркеу компаниясында Жамбыл облысы бойынша 19 531 адам емхананы таңдау құқығын пайдаланды. Отбасылық қызмет көрсету принципін және медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін іске асыру үшін тұрғылықты жеріне жақын орналасқан емханаға тіркелуді ұсынамыз. Бұл медицина ұйымдарының мамандарына өз пациенттерінің денсаулығын тұрақты бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда олардың үйлеріне барып қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Әсіресе, жедел жәрдем жүйесінде жасалған соңғы реформаларды ескерсек мұның маңызы арта түспек. Себебі, бұдан былай 4-санатқа жатқызылатын шақыртуларға жергілікті емханалар қызмет көрсетеді, – деді Мавлюда Бокаева.

Айта кетсек, азаматтар үш түрлі жолмен, яғни, таңдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады.

Сұхбат

PhotoRoom