КОВОРКИНГ– РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТЕТІГІ

Аймақ
24.09.2018, 10:42

коворк

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өңірде мәдениет және өнер саласына қатысты «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» және «Қазақстанның киелі жерлері» атты екі арнайы жоба қолға алынғаны белгілі.

ковк2

 Соның ішінде «Руханият ошағы» жобасы кітапханалар жұмысын ілгерілетуге бағытталған.   «Руханият ошағы» жобасының көздеген кезекті бір мәселесі – коворкинг кітапхана ашу. Осыған байланысты 2018 жылдың 20 қыркүйекте Т.Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің аудандық орталық кітапханасында «Коворкинг орталығы – кітапхананың жаңа келбеті» атты коворкинг орталығының салтанатты ашылуы өткізілді. Коворкинг орталығының ашылу салтанатына аудан әкімі Қырықбаев Асқар Санатұлы,аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан Қазыбайұлы,аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары  Арыстанбеков Қанат Дәкенұлы, аудан тұрғындары, оқушылар мен ұстаздар  қатысты.

ков 1

Коворкинг орталығының мақсаты: кітапханадан арнайы бір бөлмені оқырмандарға сай етіп әзірлеу және мобильді стандарт бойынша жабдықталады. Коворкинг орталығы кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға, жаңа келіп түскен кітаптары оқуға зор мүмкіндік тудырады.

Кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтын орталық алаңы болады және  кітапханадағы коворкинг орталығын коммуникативтік алаң деп саналады. Коворкинг орталығы бірнеше аймаққа бөлінген: жұмыс орын – интернетке қосылған компьютер,сканер, принтер, скайп, семинар, тренингтер өткізетін зал  пайдаланушылардың жайлы жағдайда тегін интернет желісіне шығу мүмкіндігі – WI-FI аймағы болып табылады. Жалпы орталықта барлық санаттағы келушілерге жағдай жасалған. «Коворкинг» орталығы «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобалары аясында жүзеге асырылып отыр. Жаңа партиялық жобаның мақсаты – еліміздегі кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құру, яғни бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастырып, кітапханалардағы барлық кітап қорын электронды форматқа көшіру, кітаптарды цифрландыру.

 

Сұхбат

PhotoRoom