«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2018» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жаңалықтар
26.09.2018, 20:29

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында облыс әкімдігінің жас­тар саясаты мәселелері басқармасының ұйым­дастыруымен өткен «Жігіт сұлтаны - 2018» облыс­тық байқауы өз мәресіне жетті. Мұндай шаралар  жастар саясатын жүзеге асыру, насихаттауда өскелең буынды ұлтжандылыққа бағыттау мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуде берері мол бастамалардың бірі десек артық айтқандық емес.

жастар1

Дана халқымызда ер-жігіт ұғымына үлкен жүк артылады. «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес», «Жігітте де жігіт бар - азаматы бір бөлек» деген нақыл сөздер осыған дәлел болса керек. Ал жігіттің сұлтаны мен сырттаны деген атаққа білекті де жүректі, өр тұлғалы, ер намысты, сөзі мірдің оғындай, батырлығы көз сүйсіндірер оғландарымыз ғана тең келеді. Бұл көркем сипаттау әрине, кешегі ел іргесін ат үстінде, найза ұшында жүріп қорғаған батыр бабаларымыз бен сырбаз да сыршыл сал-серілерімізге тән қасиет екені хақ. Ал, сол серілеріміздің бүгінгі сарқытындай болған ұландарымыздың бойынан осындай асыл қасиеттер табыла ала ма?!  Міне, осы мақсатта көне Тараздың тарландары арасында серілер сайысы ұйымдастырылып, білек күштерімен қатар білімділіктерін сынаған жігіт сұлтаны сайысы өткізілді.

жастар2

Сайыс екі кезеңді қамтып, оған 18-29 жас аралығында  аудандар мен университеттерден  13 үміткер қатысты.

Аталмыш сайыстың бірінші кезеңінде сегіз қырлы, бір сырлы қатысушылар  Байзақ ауданында сайысқа түсті. Онда аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, кір тасын көтеру сынды қазақтың ұлттық ойындары бойынша бақтарын сынады.

жастар3

Ал, дүбірлі доданың екінші бөлімі қалалық мәдениет үйінде жалғасты. «Жігітке жеті өнер де аз»,- деп ұрандатқан тарландарымыз өнер мен білімнен де кенде емес екендіктерін дәлелдеді.

Серілерімізді әділ-қазылар алқасы сан қырынан саралап, өнерлерін бағалап, бағамдап ақылдаса келе қорытынды ұпайларын шығарды. Екі кезеңнен тұрған «Жігіт сұлтаны - 20­18» облыстық байқауы­ның қорытындысы бойы­нша Байзақ аудан­ынан Е. Тауасаров «Жігіт сұлтаны - 20­18» атағының иегері атанды. Ал, І-орынды Н. Шұ­ғай (Сарысу ауданы) иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды Ә. Шохалақ­ов (Талас ауданы) пен З. Тұрым (М.Х. Дулати атындағы Тараз мем­лекеттік университет­і) өзара бөлісті.

жастар4

Со­нымен қатар,  А. Перн­ебаев (Жамбыл ауданы­), Е. Нұрабаев (Жуалы ауданы), Ж. Сатыбалд­иев (Меркі ауданы) М. Смаилов (Шу ауданы)  «Жеңіске құштарлығы үшін» номинациялары бойынша марапатталды. Ал, жігіт сұлтанын тамашалаған қалың көрермен қайталанбас әдемі әсермен тарасты.

Сұхбат

PhotoRoom