ЖАМБЫЛДА МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Аймақ
26.09.2018, 22:46

мунай зау

Меркі ауданында мұнай өңдеу зауыты іске қосылады. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте журналистерге Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков жеткізді.

Мейірхан Азатұлының айтуынша, ағымдағы жылы жобалық құны 662,0 млн. теңгені құрайтын «Са-Ба ЛТД» ЖШС-нің «Шағын мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырту» жобасы кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізіліп, Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы №53 қаулысымен бекітілген. Қазіргі таңда зауытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылғы желтоқсан айында зауытты іске қосу жоспарлануда. Жоба іске асқан кезде 70 адамға жаңа жұмыс орындары ашылады.

нефть

Иә, қазір кәсіпкерлікті қолдау картасы өңірлік жобаларға серпін береді. Елбасы Н.Назарбаев индустриялық-инновациялық бағдарламаның бірінші жылын қорытындылаған сәтінде: «Елімізде жүзеге асырылып жатқан индустрияландыру саясаты – дағдарысты еңсеруге жасалған басты қадам. Ол ел экономикасына ғана емес, әлеуметтік ахуалға да оң әсерін беріп келеді. Берік ұлттық қауіпсіздік, жаңа жұмыс орындары, бәсекеге қабілетті экономика және өңірлердің дамуы – бұл индустрияландырудың басты жетістіктері.

– Сыртқы факторлардың жағдайын терістігін азайту үшін экономиканы әртараптандыру қажет екенін біз білдік. Сондықтан, индустрияландыру бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыруды белсенді түрде жалғастыруымыз керек, – деген болатын.

Сондай-ақ, ауданда кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша, жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 38 жаңа жұмыс орны ашылған. Атап айтар болсақ, “Орталық Азия Қант Компаниясы” ЖШС Меркі филиалының «Шырынды тазалайтын цехты қайта жанғырту» жобасы. Жоба құны – 698 млн. теңге. Жаңа 18 жұмыс орындары ашылған. Одан кейін, “Орталық Азия Қант Компаниясы” ЖШС Меркі филиалының «Қант зауытын қайта жаңарту» жобасы. Жобаның құны – 1014,2 млн. теңгені құрап, 20 жұмыс орындарымен қамтылды.

Мұнымен қатар, жалпы өңірлік өнім көлемінің көрсеткіштері ағымдағы жылы 22 млрд. 128,2 млн. теңге болған. Яғни, шағын және орта бизнестің үлесі 63%,  «Меркі қант зауыты» ЖШС-нің үлесі 37% -ті құрайды.

Аудандағы «Алкопищепром» ЖШС 2015 жылы жұмысын тоқтатқан. Қазіргі таңда зауытты қайта іске қосу мақсатында ҚР Қаржы министрлігінен спирт өнімін өндіруге рұқсат беретін лицензиясын қайтарып алып, ағымдағы жылдың қазан айында зауытты іске қосу жоспарлануда.

Қазіргі таңда Меркі ауданы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 млрд. 111,6 млн. теңге. Бөлшек сауда тауар айналымы 3423,2 млн. теңгені құрайды. Ал, көтерме сауда тауар айналымы 1,4 млрд. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 130,2 пайызға орындалған.

Сұхбат

PhotoRoom