ШАРУАЛАР ЖИЫН-ТЕРІНІ ҚЫЗУДА

Аймақ
27.09.2018, 13:42

Алтын күздің тартуы биыл мол. Көкөністен кенде болмайтын сияқтымыз. Облыстағы азық-түлік жәрмеңкелерінде картоптың бағасы 60 теңгеден аспайды. Сәбіз, қызылша да тау-тау боп үйіліп жатыр. Тұрақтандыру қорына биыл азық қажетті мөлшерде жиналуда.

Жамбыл облысында күз басталғалы күзгі дала жұмыстарын жинау қарқынды жүріп жатыр. Өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында айтулы жұмыстар атқарылуда. Еліміздің аграрлық ахуалын арттырып отырған аймақтардың бірі саналатын Жамбыл өңіріндегі диқандар биылғы егіс науқаны табысты болатынын алға тартып, картоп жинаудың тың технологиясына көше бастады. Қазір қысы ерте түсетін тау бөктеріндегі аудандарда картоп жинау науқаны басталып кеткен. Нағыз осы маусымда жұмыс күшінің жетіспеушілігінен, жиын-терінді кеш аяқтайтын шаруаларда биыл ондай қорқыныш жоқ. Себебі, Еуропадан әкелінген «Анна-644» комбайндары өнімді өзі қазып, өзі тереді. Бұл техника 50 адамның жұмысын өзі атқара береді екен, демек, еңбек өнімділігінің артқаны қуантарлық жағдай.  Шаруалар енді дер кезінде картопты қарға ұрындырмай жинап алу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Сонымен қатар, биыл Жамбыл облысында мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға байланысты қант қызылшасы алқабының көлемі артты. Мәселен, былтыр 9500 гектар жерге балтамыр еккен, дала еңбеккерлері биыл оның көлемін тағы да 1000 гектарға арттырып отыр. Қант қызылшасы алқабының ұлғаюы биыл оны сатып алу бағасының бір теңгеге артуы мен мемлекеттен әр келіге берілетін 10 теңге субсидияның 12 теңгеге көтерілуіне байланысты. Өткен жылы 2000 гектар жерге қант қызылшасын егіп, одан мол өнім алған. Осы тұста айта кететін маңызды мәселе, биыл облыста алғаш рет космомониторинг жобасы жүзеге асып отыр. Бұл ғарыштық түсірілім арқылы егістік көлемі мен сапасын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде қант қызылшасы алқабының да тапсырылған көлемі анықталмақшы.

Күзгі жиын-терін жұмыстары аудан әкімдерінің де қатаң бақылауында. Ең бастысы - суыққа қалмай бақша дақылдарын жинап алу. Жиын-терін жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғасады. Қазіргі кезде өңірде картоп, пияз, қызылша, сәбіз жинала бастады.

Сұхбат

PhotoRoom