ЖАМБЫЛДЫҚТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘН АПТАЛЫҒЫН ТАМАШАЛАЙДЫ

Жаңалықтар
26.09.2018, 21:55

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы бойынша ішкі туризмді, «Ұлы Жібек жолындағы» сауда және қолөнершілік шеберлікті дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылуда.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында, Үкімет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуі керек.  Онда үш мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда: Аталған «Мәдени-географиялық белдеудің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажет.  БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек.  Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқымыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңыздылығы тұрғысынан біздің Түркістан немесе Алтай – ұлттық немесе құрлықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құндылықтар. Мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек» -деп мәлімдегені белгілі.

 

Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі Тараз қаласына шетелдік және қазақстандық туристерді тарту үшін Қазан айының 8 мен 12 аралығында - «ASPARA FASHION WEEK, TАRAZ» Халықаралық Сән апталығын өткізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова мәлімдеме жасады.

«ASPARA FASHION WEEK, TАRAZ» жоғары сән апталығы әлемнің 19 елінен, яғни Италия, Франция, Голландия, Қытай, Үндістан, Сербия, Америка Құрама Штаттары, Ресей, Өзбекістан, Болгария елдерінен 30 халықаралық киім дизайнерлерінің, журналистердің және сән сарапшыларының қатысуымен өтеді. Сонымен қатар, Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының жылы болуына байланысты аталған іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова және Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Т.Нарбаева бастаған Өзбекстан делегациясы қатысатын болады. Байқауға тағам туризмі саласында еңбек етіп жүрген 100-ге жуық шет елдік және 300-ден астам қазақстандық туристер келеді деп күтілуде. Сонымен қатар іс-шара барысында туризм дамыту тақырыбында семинар, шеберлік сабақтары және өзара әріптестік жөніндегі меморандумдарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы, Қарлығаш Аралбекова ханым «Біздің туристеріміз 9-10 қазан күндері «Қазақ ауылы» этножобасын ашып жатырмыз Төрткүл керуен сарайын ашып жатырмыз, сонымен қатар 10-12 қазанда халықаралық қолөнершілер көрмесін де ұйымдастырмақшымыз және де 10-11 Тараз жолы фестивальі өткізілмек» деп хабарлады.

 

 

 

 

Сұхбат

PhotoRoom