ЕЛ АРАЛАҒАН ӘКІМ ЕРТЕҢІН БІЛЕДІ

Сараптама
25.09.2018, 00:37

Бүгінгі Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны айтарлықтай оң көрсеткіштерге ие.  Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов, барлық саланың дамуын жіті қадағалап, сыннан нәтиже шығаруды талап етеді.  Әкім ауыл шаруашылығын айрықша назарда ұстайды. Оның жиындарда баяндамаларды тыңдағаннан гөрі еңбек адамдарымен бірге жүргенді жаны қалайтынын жамбылдықтар жақсы біледі. Сол себепті де, өңір басшысы қызметке кіріскен алғашқы күнінен ұзын-сонар жиындарды емес, тіршіліктің тайқазанында қайнаған дихандардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешумен келеді. Оған дәлел, өнімнің өнімділігін ойлаған өңір басшысы егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқышмен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 800 миллион теңге бөліп, тыңайтқышпен қамтылған шаруалардың санын өткен жылмен салыстырғанда үш есеге арттырды. Аймақта мал басын асылдандыру, егін орағы жұмыстары да тиісті деңгейде жүргізілуде. Бүгінде, ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 103,6 %-ды құрап, 106,6 миллиард теңгеге жеткен. Оның ішінде көрсеткіш өсімдік шаруашылығында – 105,6 %, яғни 34,6 миллиард теңге, ал мал шаруашылығында – 102,7 %, яғни 71,6 миллиард теңгені құраған.

 

Сондай-ақ, қант зауыттарымен мәмілеге келіп, науқан кезінде шаруалардан тәтті түбірді қабылдау құнын айтарлықтай өсірді. Бұдан бөлек, облыс әкімі аймақта 11 тұқым шаруашылығы ғана жұмыс жасайтынына алаңдаушылық білдіріп, қосымшы 8 тұқым шаруашылығын ашу жұмыстарын қолға алды. Ол үшін 7 бағыт бойынша салалық карталар әзірленіп, кооперативтердің жұмысын жүйелеу бағытында да нақты іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоғарыда аталған карталарда 2018-2021 жылдар аралығында агро саланы дамытудың нақты жоспары мен бағыты көрсетіледі. Міне, осылайша аймақ басшысы асыраушы салаға айрықша көңіл бөліп, бұл бағыттағы жұмыстарды үнемі бақылауында ұстап келеді.

Жастар  мәселесін де бірінші қатарға қоятын Асқар Исабекұлы, жастар жұмыссыздығы, кәсіпкерлікке баулу, техникалық мамандардың тапшылығы бойынша жиналыстар көптеп өткізу керек. Сонда ғана басқарма мен жас буынның арасында байланыс болады. Жастар көптеп жұмысқа тартылса ғана, қоғамда тәртіпсіздік, көшеде құқық бұзушылық азаяды» деп мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, жылына 340 млн. қаржы бөлінетін жастар ресурстық орталығының жұмысын бір жүйеге келтіру керектігін де баса айтып және оның орындалуын талап етуде.  Айта кетерлігі, аймақ басшысының бастамасымен алдағы уақытта жастар ісі жөніндегі кеңес көшпелі болып бекітілемек. Құрамындағы комиссия мүшелері, аудан, шалғай ауылдық жерлердегі жастардың мәселесін көзбен көру үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеуге уағдаласты.

Еске сала кетсек, статистика бойынша облыста 240 мыңнан аса жастар бар. Олардың 186 мыңы 22-29 жас аралығындағылар. 6200-ге жуығы жұмыссыз болса, 2200 мыңы тұрғын болып тіркелмегендер. Ал 75 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады, тағы 44 мыңы әр-түрлі кәсіппен айналысуда. Демек, облыс басшысы бұл көрсеткіш алдағы уақытта оң индикатормен көрсетілуіне талап қоюда.

 

Асқар Мырзахметов облысқа әкім болып келген бойы тарихи орындарға да ерекше көңіл бөле бастағаны жасырын емес. Әсіресе, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізбесіне енген Ақыртас қалашығын қайта жаңғырту үшін Мәдениет және спорт министрі және «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамымен үш жақты меморандумға қол қойып, мәмілеге келуін айрықша айтуға болады.

Облыс әкімінің жіті назарында тұрған «Цифрлық Қазақстан» жобасы үнемі жетілдіріліп келеді.  Елбасы тапсырмасын оңтайлы жүзеге асыру, яғни заманауи құрылғылар арқылы қоғамның таным-түсінігін кеңейту тәжірибесі кең қанат жаюда. Атап айтсақ, білім беру мекемелерінде туған өлкенің тарихын, мәдени құндылықтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы оқыту мақсатында «Best видео «Туған өлке», «Виртуалды мектеп мұражайы», «BILIM анимация», «BILIM FM мектеп радиосы» сынды заманауи жобалар іске асырылса, енді Асқар Мырзахметовтің тікелей тапсырмасымен әр аудан орталығынан ІТ колледждер ашу көзделуде. Сондай-ақ, барлық кітапханалар электронды форматқа көшуде. Коворкинг орталықтары осы күндері аймақтағы бірқатар аудан, ауылдарда ашыла бастады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс орталығындағы 5 көшенің қиылысына «ақылды бағдаршамдар» орнатылатын болады. Олар — Балуан Шолақ–Жібек Жолы, Жібек жолы–Самарқанд, Төле би–әл-Фараби, Абай– Ташкент, Төле би–Аққозиев көшелерінің қиылысы. «Аса» мөлтек ауданындағы 5 ауланы «ақылды жарықтандырумен» қамту, «Е-архитектура» жүйесін қалыптастыру жолымен электронды картасын жүйелендіру, жолаушылар маршруттарын GPS-навигациялау сайтын жетілдіру және жаңғырту сынды істер де іске асырылуда. Сондай-ақ, «Қауіпсіз Тараз» жобасы аясында қалаға тағы қосымша 178 бейнебақылау камералары орнатылды.

Жыл басында Асқар Мырзахметовтің бастамасымен өңірді өркендетудің нақты жоспарлары жасалған соң, өңірдің барлық аудандарында түрлі салалар қарқынды дами бастады. Сондай-ақ, көне шаһар Тараз қаласын абаттандыру жұмыстары да ойдағыдай жүзеге асырылған.

Айталық, «Жеңіс» саябағы қайта күрделі жөндеуден өтіп, ол жұрт демалатын тамаша демалыс орнына айналған. Саябақтағы жаңадан орнатылған даңқты батыр Бауыржан Момышұлының ескерткіші, «Ерлік» мемориалдық кешені де көрген көзге жағымды, тарихи ескерткіштер қатарын толтырып тұр. Жыл басынан бері мұндай толастамаған жұмыстар саны жетерлік.

Жалпы цифрға үңілсек, Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырсақ, өнеркәсіп саласы 7,2 %-ға алға жылжыған.

Құрылыс саласының жандануы арқасында да биыл мыңдаған азамат баспаналы болып, қоныс тойын тойлады.

 

Сұхбат

PhotoRoom