ТҮРКІСТАНДА ЖАҢАДАН 8 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН БОЙ КӨТЕРМЕК

Түркістан облысы
18.10.2018, 01:11

Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапармен еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов келді. Министр облыс орталығындағы бірқатар емдеу мекемелерін аралап, өңірдің медицина қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру мақсатымен келген Елжан Біртанов алдымен Түркістан қалалық емханасы мен № 3 облыстық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысты. Қаладағы Түркістан жоғары медициналық колледжінің ұстаздарымен кездесті.  Оқу орнында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қалалық, аудандық ауруханалардың бас дәрігерлерімен, түрлі медициналық ұйымдардың басшыларымен арнайы жиын өткізді. Министр Елбасы Жолдауындағы медиицина саласына қатысты берілген қолдауларды түсіндіріп өтіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар барысымен таныстырып өтті. «Біз Түркістан облысының әкімігімен бірлесіп жұмыс жүргізіп, бюджетіне өзгерістер енгізіп отырмыз. Жаңадан 8 медициналық нысан салынады деп жоспарлануда. Ол нысандардың қатарында аудандық аурухана, емханалар. Сондай-ақ, Түркістандағы перинаталдық орталықтың жанына қосымша 150 орындық корпус салынады. Одан бөлек мұнда келешекте облыстық, қала берді халықаралық деңгейдегі жаңа аруханалар қажет. Себебі, мұнда туристер көптеп келеді. Бұл бағытта Елбасының Түркістан облысын дамыту жөніндегі тапсырмасы бойынша арнайы жоспар бекітілген. Сол жоспарға сәйкес, Түркістан қаласынан көпсалалы аурухана салынады. Ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Қазірдің өзінде оны салуға қызығып отырған инвесторлар бар. Оған қоса қаржы орталықтарымен, Даму банкімен  келіссөздер жүргізілуде. Жылдың соңына дейін  меморандумдарға қой қойылып, ғимараттар мен медициналық ұйымдар салу жоспарланып отыр», - деді Елжан Біртанов.

Сұхбат

PhotoRoom