КӨНЕ ШАhАРДЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ ЦИФРЛЫ ЖҮЙЕГЕ ЕНБЕК

Жаңалықтар
21.10.2018, 18:46

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында әлемдегі ең ірі экономикасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу, алға қойған мақсаттарға жету, ұлттық сананы жаңғырту, ұлтымыздың болмысын ұлттық кодты сақтау арқылы оны Қазақстанның дамуына, оның игілігіне жарату негізінде елімізді ары қарай дамыту болып табылады.

Осы бағдарлама аясында Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне облыстан 8 тарихи-мәдени ескерткіш, ал жергілікті мәндегі өңірлік қасиетті орындарының картасына 27 нысан іріктелген болатын. Алдағы уақытта аталмыш тізім топтастырылып, «Әулиеатаның киелі жерлері» атты арнайы сайт ашылып, виртуалды онлайн карта жасалмақ.

Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсеналы Бықыбаев:

–«Осындай нәтижелі жұмыстар арқылы Қазақстандағы қасиетті орындардың дәрежесі заңды түрде бекітілетін болады. Облысымыздағы киелі болып танылған тарихи-мәдени нысандар туралы кеңінен ақпарат беріп, құндылықтарымызды байытудағы басты мақсатымыз – тарихы терең орындарды сақтап қалу, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, туризмді дамыту арқылы барлық елдерге паш ету», - деді.

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 3 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш тіркеуге алынған. Олардың 5-і – халықаралық, 25-і – республикалық, 711-і – жергілікті дәрежеде, қалғаны алдын-ала тізімге алынып отыр.

Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік мәдени мұра» тізбесіне Жамбыл облысы аумағындағы Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан Ақтөбе (Баласағұн), Өрнек, Құлан, Қостөбе қалашықтары мен Ақыртас сарай кешені енгізілген. Жоба аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» енген нысандардың фотосуреттері, сызбалары, аэрофотолары архивтік құжаттары және аңыз әңгімелері жинақталып, «Әулиеатаның киелі жерлері» атты арнайы сайт ашылып, виртуалды онлайн карта жасалмақ. Жобаны жүзеге асыру үшін Жамбыл облысы көлемінде орналасқан ескерткіштерді саралауға еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен Ұлттық университеттері және жергілікті ЖОО тарихшы, этнограф, өлкетанушы ғалымдарынан жиналған сарапшылар кеңесі мен жұмысшы тобы құрылған. Экспедиция барысында ғалымдардан құрылған топ киелі деп танылған ескерткіштерге қажеттілігіне қарай археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады. Басқарма басшысының хабарлауы бойынша киелі орындар туралы ақпарат алуды ыңғайлы ету үшін арнайы сайт жасау да жоспарда. Сайттың негізгі мақсаты – цифрлы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, киелі жерлер жайлы ақпаратқа ғаламтор желісі арқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету. Сайт үш тілде ақпарат таратады деп күтілуде.

Сұхбат

PhotoRoom